Алматы облысы 2017 жылғы бюджетіне өзгеріс енгізді

968

Алматы облысы 2017 жылғы бюджетіне өзгеріс енгізді

Бүгін облыс әкімдігінде VI шақырылған облыстық мәслихаттың XII кезектен тыс сессиясы өтті. Облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өткен жиында облыстың 2017 жылғы бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасы қаралды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Негізгі баяндаманы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асқар Қожабаев жасады.

Сессия барысында айтылғанындай, 2017 жылдың бюджеті 370 млрд теңге көлемінде бекітілетін болады. Сонымен қатар бос қалдық қаражатын төтенше жағдайлардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту шараларына, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету, тұрғын-үй шаруашылығына, оның ішінде "Алматы - Талдықорған" желілік газ құбырын, "Ақши", "Балпық би" АГБЖ (АГРС) іске қосу жұмыстарына және басқа да салалардың қажетті бағыттарына бөлу туралы шешім қабылданды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу