Алматы облысы 3 жылда 6 трлн теңге өндіре алды: Президент өңір басшысымен кездесті

69

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ Алматы агломерациясын дамыту жоспары жөнінде баяндалды.  

Алматы облысы 3 жылда 6 трлн теңге өндіре алды: Президент өңір басшысымен кездесті Фото: akorda.kz

Марат Сұлтанғазиев соңғы 3 жылда облыстың жалпы өңірлік өнімі 1,8 есе артып, 3,4 триллион теңгеден 6 триллион теңгеге өскенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Биылғы қаңтар – қазан айлары аралығындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,7 пайызды құрады. 

Халықаралық компаниялардың қатысуымен тағам өнеркәсібі, логистика және металлургия салаларында жалпы сомасы 470 миллиард теңгеден асатын 13 инвестициялық жоба іске асырылуда.

биылғы тоғыз айда өңдеу өнеркәсібінің экспорты 28,5 пайыз ұлғайып, 618,5 миллион долларға жеткені жөнінде мәлімдеді. 

Бұл ретте экспорттың 90 пайызы жоғары деңгейде қайта өңделген өнімге тиесілі. 

Алматы облысы ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік субсидияларды тиімді пайдаланатын жетекші өңірлердің бірі екенін жеткізді. 

Бір теңге субсидияға 17 теңгеге дейін ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі. Тауарлы сүт фермаларының саны 11-ге дейін көбейді. 

облыстың әлеуметтік дамуы туралы ақпарат берді. 

Биылғы он айда 950 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынған. 

Үш ауысымды мектептер саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды. 

Қапшағай су қоймасы мен ұлттық табиғи парктер айналасындағы туризм кластерінің даму барысын таныстырды. 

Облысқа келген туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен. Бұл былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 36 пайызға артық. 

Мемлекет басшысы: 

облыс әкіміне өңірдің өнеркәсіп және аграрлық әлеуетін нығайту, логистика, туризм салаларын дамыту, сондай-ақ тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді кешенді түрде шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу