Алматы облысы айып тұрағындағы көліктен 4,5 млн теңге ұрланды

333

Бәз біреулер сақтауда тұрған көлік терезесін сындырып ақша ұрлаған.

Алматы облысы айып тұрағындағы көліктен 4,5 млн теңге ұрланды Фото: el.kz

Алматы облысы Қарасай ауданының полиция басқармасына қарасты аймақта сақтауға қойылған автокөліктен қаражат ұрланғаны белгілі болды. Бұл туралы "Алтын орда" сауда-логистикалық орталығының Instagram парақшасында жазылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Аталмыщ көлік таяуда ұсталған "Алтын орда" базарының атқарушы директоры Эрмек Марқабаевқа тиесілі болған.

"Автокөлік Қарасай аудандық полиция басқармасының аумағында тұрған. Бұл ақпаратты құқық қорғау органының өзі хабарлады. Кезекші маманның рапортына сәйкес, көліктің терезесін белгісіз біреулер шағып, 4,5 млн теңге қаражатты қолды қылған. Полиция қазір аталған қылмысты кім және қалай жасағанын анықтап жатыр. Осы орайда бірнеше сұрақ туатыны заңды. Мәселен, полиция басқармасының қатаң күзетілетін аумағына кім кіруі мүмкін және қалай? Келтірілген шығынды кім өтейді? Автокөлікті кім орнына келтіреді? Қылмыстық іске еш қатысы жоқ және ішінде 5 млн теңгеге жуық қаржы болған көлікті басқарманың аумағына қою қаншалықты маңызды еді?" – деп жазылған "Алтын орда" сауда-логистикалық орталығының Instagram парақшасында.

Ақпарат таратылғаннан кейін полицейлер BMW автокөлігін басқарма аумағынан белгісіз жаққа алып кеткен. Орталық өкілдері полиция мұндай әрекетке ізін жасыру үшін баруы мүмкін екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу