Алматы облысы әкімдігінің қызметкері мерекелік іс-шарадан кейін қайтыс болды

1191

Алматы облысының тұрғыны дәстүрлі Agro-Business Forum Assy-2023 форумынан кейін қайтыс болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысы әкімдігінің қызметкері мерекелік іс-шарадан кейін қайтыс болды Фото: inbusiness.kz

Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше 30 маусым күні Еңбекшіқазақ ауданында жыл сайынғы дәстүрлі Agro-Business Forum Assy-2023 форумы өтті. Ауқымды іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушылардың бірі өзін нашар сезінген. Тауда кезекшілікте болған фельдшерлер оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен, алайда ер адам есін жимастан қайтыс болған.

Марқұм Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істеген. Сол күні ол мерекелік шараға демалушы ретінде барған.

"Асы үстірті – теңіз деңгейінен 2800 метрден астам биіктікте орналасқан жайлау. Осы жайт оның денсаулығының нашарлауына себеп болуы мүмкін. Әріптестің қазасы – ұжым үшін орны толмас қайғы. Марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетіледі", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу