Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

1363

Төлеген Сәрсембаев 2019 жылдың мамыр айынан бері Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған.  

Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zhetysu.gov.kz.

1968 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін экономист және заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы зооветеринарлық институты "Ақсай" оқу-тәжірибелік шаруашылығының бухгалтері болып бастады.

Әр жылдарда Алматы зооветеринарлық институты "Ақсай" оқу-тәжірибелік шаруашылығының жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қаржы бақылау комитеті басқармасының ревизор-бақылаушысы, аға ревизор бақылаушысы, бас ревизор-бақылаушысы, Алматы облысы бойынша мемлекеттік қаржы бақылау комитеті басқармасының бас ревизор-бақылаушысы, бөлім бастығының орынбасары, бастығы, Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша салық комитетінің бас салық инспекторы, сектор меңгерушісі, сектор бастығы, Алматы қаласы Түрксіб және Бостандық аудандары бойынша салық комитеттері бастықтарының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша салық комитетінің бастығы, Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша салық департаменттерінің бастығы, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары әкімдерінің орынбасары қызметтерін атқарған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу