Алматы облысы әкімінің бұйрығымен Дияс Нұрақын облыс әкімінің баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дияс Нұрақын 1987 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2004-2008 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін, 2008-2010 жылдары Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы 2006-2007 жылдары "МИР" мемлекетаралық телеарнасында аудармашы-редактор ретінде бастады.
2007-2008 жылдары "КТК" телеарнасындағы "Репортер", "Алаң жұрт" бағдарламасында редактор болды.
2008-2009 жылдары "Жас қазақ" республикалық газетінде арнаулы тілші, 2009-2015 жылдары республикалық "Жетінші арнаның" жаңалықтар қызметінде тілші лауазымдарын атқарды.
2015-2016 жылдары республикалық "КТК" телеарнасының жаңалықтар тілшісі, "Аптап" ақпараттық сараптама бағдарламасының шығарушы-редакторы болды.
2016 жылдан бастап "КТК" телеарнасы жаңалықтар қызметінің аймақтардағы қосынының редакторы лауазымдарын атқарды.