Алматы облысы әкімінің орынбасары пневмониядан қайтыс болды

616

Бескемпіров Серікжан Іслямұлы жасы 60-қа қараған шағында дүние салды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары пневмониядан қайтыс болды

"Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Бескемпіров Серікжан Іслямұлы екі өкпенің қабынуынан мезгілсіз көз жұмды. Марқұмның туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын",– деп жазды өңір әкімінің баспасөз хатшысы Ғалимұрат Жүкел әлеуметтік желіде.

Бескемпіров Серікжан Іслямұлы 1960 жылы туған.

Еңбек жолын Үштөбе ет комбинатында аға шебер болып бастаған азамат әр жылдарда "Темірлан" ЖШС директоры, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы, "Айдын" ӨК директоры, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, Қаратал, Панфилов аудандарының және Текелі қаласының әкімі, Алматы облыстық мәслихатының V шақырылымының  хатшысы болды.

Ал Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2012 жылдың шілде айында келген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу