Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Сот үкімі төрт айыпталушыға, оның ішінде облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омароваға да жарияланғаны хабарланды. 

Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды Фото: КазТаг

Жетісу облысының соты пара алды және алаяқтық жасады деп айыпталған Алматы облысындағы білім саласының бір топ қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 366-бап 4-бөлігі ("Пара алу"), 367-бабының 4-бөлігі ("Пара беру"), 190-бабының 4-бөлігі ("Алаяқтық"), 371-бабының 2-бөлігі ("Пара алу") бойынша айып тағылды. 

2020 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында Алматы облысының білім басқармасының басшысы бір топ адаммен мемлекеттік сатып алу саласында қылмыстық әрекеттерге барған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу