"Қыз әлі табылмады. Оны іздестіру шаралары әлі жалғасып жатыр", - деп жауап берді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, 17 наурыз сағат 16:00 шамасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Қызды іздеуге тікұшақ пен дрон жұмылдырылды.
Кейін Алматы облыстық Полиция департаменті із-түзсіз жоғалып кеткен Айя Софияға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын мәлім етті.
Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу