Алматы облысы Іле ауданының әкімі ұсталды

1350

Бағдат Қарасаев Іле ауданының әкімі қызметін 2018 жылдың қыркүйегінен бастап атқарды.

Алматы облысы Іле ауданының әкімі ұсталды Фото: gov.kz

Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол "лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану" (ҚР ҚК-нің 3-бабы, 4-бөлігі 361) және "билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" (ҚР ҚК-нің 3-бабы, 4-бөлігі 362) баптары бойынша айыпталды.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әшкереленгенін растайды. Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", - деп хабарлады Антикор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу