Қайыржан Серікбайұлы 1975 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын "өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс" мамандығы бойынша, ал 2004 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін "заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Жамбыл облысында "Жамбылагропромстрой" АҚ құрылыс учаскесінің бригадирі қызметінен бастаған.
Әр жылдары Тараз қаласындағы "Сарыарқа" ауыл шаруашылығы кәсіпорнының вице-президенті, Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында ғимараттарды реконструкциялауды және қайта жоспарлауды бақылау бөлімдерінің бас маманы мен басшысы, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары мен департамент басшысы, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары, Алматы облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.