Алматы облысы Қарақастек ауылында су тасқынына қарсы шаралар аяқталды

504

Өткізілген іс-шаралар барысында Талас өзенінің арнасындағы  мұзды ұсақтау, тазарту, кеңейту, түбін тереңдету, инертті материалдармен нығайту жұмыстары жүргізілді.  

Алматы облысы Қарақастек ауылында су тасқынына қарсы шаралар аяқталды Фото: ortcom.kz

Бұл туралы inbusiness.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы іс-шара су басудың ықтимал қауіп-қатерін азайтуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта елді мекенді су басу қаупі жоқ. Қарақастек ауылында 700 жеке тұрғын үй бар, онда 4 000-ға жуық адам тұрады.

50-ден астам адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды. Оның құрамында құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу