Алматы облысы картоп өндірісін арттырмақшы

965

Алматы облысы картоп өндірісін арттырмақшы

Осы жылы Алматы облысында картоп шаруашылығын өндірістік көлемде дамыту жоспарланып отыр. Бұл туралы облысы әкімі Амандық Баталов облыс халқына есеп беру кезінде мәлім етті.

Осы жылы облыс басшылығының қолдауымен картоп шаруашылығын дамыту үшін барлық жағдай қарастырылған Райымбек ауданында 2 сервистік-дайындау орталығы құрылады.  Бұған қажет арнайы ауылшаруашылық техникасы сатып алынған. Жерді суландыру желісі қайта қалыпқа келтіріліп, көмек жасалады.

Өңір басшысының баспасөз-қызметі атап кеткендей, қазір ауданда 16 мың тонна көкөністі сақтайтын қойма бар деп хабарлайды "Казах-Зерно" АА.

Сонымен қатар картоп шаруашылығын дамыту бойынша жұмысқа Кербұлақ ауданы да ат салысып жатыр.

Облыстың Іле ауданының индустриялық аймағында "Фарм фритс" (Голландия) трансұлттық компаниясын тартумен картоп өңдеу өндірісін құру жоспарланғанын атап кету керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу