Алматы облысы Мәдениет басқармасының басшысы тергеуге алынды

655

Ол бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде  

Алматы облысы Мәдениет басқармасының басшысы тергеуге алынды Фото: google.com

Алматы облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

"Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы"" ММ басшысына және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Лауазымды тұлға қолма-қол ақшаға айналған және өз қалауы бойынша пайдаланылған бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктенеді. Биыл 30 сәуірде Іле ауданы тергеу сотының санкциясымен мемлекеттік органның басшысы қамауға алынды",- делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес , тергеу мүддесіне сай өзге де ақпарат таратылмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу