Алматы облысы Первомай өнеркәсіп аймағында полиэтилен өнімдері сақталған қойма өртенді

317

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. 

Алматы облысы Первомай өнеркәсіп аймағында полиэтилен өнімдері сақталған қойма өртенді Фото: бейнеден скриншот

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 7 шамасында кезекші бөлімге Іле ауданының Первомай өнеркәсіп аймағында металл конструкцияларынан жасалған, аумағы 3600 шаршы метр болатын полиэтилен тауарлары сақталған қоймадан өрт шыққаны туралы хабар түскен.

"Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді. Сағат 7:20–да алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде нысан толығымен отқа оранған еді. Сонымен қатар, шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жақын маңдағы бөлімшелердің күш-құралдары жіберілді. Өрттің үлкен аумаққа таралуының себебі — өрт туралы кеш хабарлау. Сондай-ақ ең жақын орналасқан Боралдай кентінің 9-өрт сөндіру бөлімінен арақашықтық — 15 км. Облыс орталығынан — 87 км", — деп атап өтті департаменттен.

Өрт сағат 9:12–де оқшауланды. Жақын маңдағы қоймаға оттың таралуына жол берілмеді.

Ең жақын өрт гидранты 500 метр қашықтықта орналасқан.

Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД анықтау бөлімінің және өрт зертханасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 37 қызметкері мен 14 техникасы және Алматы қаласынан 22 маман мен 4 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу