Президент Әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімі бойынша Алматы облысы полиция департаментінің басшысы лауазымына полиция генерал-майоры Серік Мырзақұлұлы Күдебаев тағайындалды, деп хабарлайды Atameken Business.
Полиция генерал-майоры Ұрымханов Мұрат Жәлелұлы кадр резервіне алынды.
Полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.
С. М. Күдебаев 1965 жылы туған, ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. 2009-2013 жылдары Алматы облысының полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары, одан кейін басшысы болып жұмыс істеді. 2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласының полиция департаментін басқарды.