Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы С.Күдебаевтың соты кейінге қалды

1185

Бүгін Талдықорғандағы облыстық сотта Күдебаевқа қатысты кезекті сот отырысы сағат 11:00-де өтуі тиіс болған. Процесс кейінге шегерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы С.Күдебаевтың соты кейінге қалды Фото: ktk.kz

"Адвокаттың ауа райының қолайсыздығына байланысты сот отырысын кейінге қалдыру туралы өтінішін ескере отырып процесс кейінге ауыстырылды", - деді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың үстінен екі қылмыстық іс қозғалған.

"Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі 1,3,4 тармақтары және 362-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалған. Бұл - азаптау және билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактілері", - деді Нұрсұлтан Орынбасаров.

Сот өкілі Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4 бөлігі бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал 146-бабы 2-бөлігі (3-7 тармақтары) бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін соттау және үш жылға дейін қандай да лауазым атқару құқығынан айыру қарастырылғанын нақтылады.

Айта кетейік, 5 қаңтарда Талдықорғанда Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі басталды.

Еске салсақ, Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған болатын.

Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу