Алматы облысы полициясының кадет сыныбы ішкі істер министрінің қабылдауында болды

847

Алматы облысы полициясының кадет сыныбы ішкі істер министрінің қабылдауында болды

Бүгін Алматы облысы полициясының кадет сыныбы ішкі істер министрінің қабылдауында болды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Кадеттер Руслан Тен мен Джалил Гасанов Қалмұханбет Қасымовқа Іле ауданының Өтеген батыр кентіндегі мектеп-гимназиясында кадет сыныбының құрылуы, оқу процесі және қол жеткізілген нәтижелер туралы әңгімелеп берді.

Мектеп оқушылары министрлік басшылығына саптық дайындық бойынша дағдыларын және автоматты бөлшектеу және жинау шеберліктерін көрсетті, сонымен қатар концерттік бағдарлама қойып, полицейлерге "Мәңгілік ел", "Нұр аға" әндерін шырқап, басқа концерттік нөмірлер көрсетті.

Бұл кездесу кәсіби ортаны және ұрпақтар сабақтастығын сақтау, ең үздік дәстүрлерді насихаттауда ерекше орын алатынын көрсетті.

Қалмұханбет Қасымов мектеп оқушыларына еліміздің одан әрі дамуы олардың белсенді өмірлік ұстанымдарына байланысты болатындығын атап өтті және олардың әрқайсысы Отанымыздың лайықты азаматы болып өсетіндігіне және кадеттің намысына кір келтірмейтініне сенім білдірді. 

Сондай-ақ министр кадеттерді мектепті бітіргеннен соң ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға түсіп, одан әрі ішкі істер органдарында қызмет етуге шақырды, сонымен бірге Отанын сүю, бірлікті және әр адамның сенімін бағалау, Қазақстанның өркендеуі жолында еңбек етуге тілектестігін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу