Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен кетті

2135

Ақпаратты Бас прокуратура мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен кетті Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды.

"Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу