Алматы облысы сотының ғимараты карантинге жабылды

746

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.  

Алматы облысы сотының ғимараты карантинге жабылды

"Короновирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне байланысты 2020 жылдың маусым айының 8-і мен 19-ы аралығында Алматы облыстық сотының ғимаратында карантиндік шаралар енгізіледі. COVID-19 ошағында белсенді дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Сот ғимаратына бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді. Облыстық соттың барлық қызметкерлері жетікүндік үй карантиніне оқшауланады. Ал соттың жұмысы онлайн режимде қашықтықтан жұмыс жасаумен қамтамасыз етіле отырып уақытша тоқтатылады", – деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар ведомство сот істерін қарау мейлінше кейінгі уақытқа шегерілетінін мәлімдеді. 
"Сот отырыстарының тағайындалған күні мен уақыты туралы істерге қатысы бар тараптарға қосымша ақпарат жолданады. Қысқа мерзімде қаралуы тиіс іс материалдары, яғни Қылмыстық-процессуалдық кодексінің(ары қарай- ҚПК) 107-бабы негізінде қаралатын материалдар Талдықорған қалалық сотының ғимаратында судьямен қашықтықтан қаралатын болады. Шектеу шараларының мерзімі мен режимі короновирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайға сәйкес өзгертілуі мүмкін", – деп жазылған хабарламада. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу