Алматы облысы тұрғындарының суға төлеген артық ақшасы қайтарылады

732

37 мыңнан астам азамат артық бағамен ақша төлеп келген. 

Алматы облысы тұрғындарының суға төлеген артық ақшасы қайтарылады

Алматы облысы тұрғындарының суға артық төлеген 400 млн теңгеден астам ақшасы қайтарылады, 220 мың тұтынушы үшін өтемдік тариф енгізіледі, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің ақпарына сүйенер болсақ, прокурорлық тексеріс барысында монополистердің шығыстарды заңсыз арттырып жібергеніне қатысты көптеген фактор бары, оның ішінде тарифтік сметаға қосымша жұмыс орны, мүлікті ұстау түріндегі негізделмеген шығындарды қосқаны анықталған.
Атап айтар болсақ, тарифтік сметаға негізделмеген 78 млн теңге шығынды қосып қойған, соның салдарынан 37 мыңнан астам азамат "Талғар Су" МКК-ға суды қымбаттаған бағамен ақша төлеп келген. 

"Осыған байланысты прокуратураның талабы бойынша биылғы жылдың сәуірінен бастап өтемдік тариф енгізілу жоспарланып отыр. Оның сомасы түбіртекте бөлек көрсетіледі", – делінген таратылған ақпаратта.  

Сонымен қатар облыстың 60 кентінде бектілген тиариф болмағандықтан, қызмет көрсетуші ұйымдар суға қалаған бағасын қойған.

"Облыс прокуратурасының тапсырмасы бойынша бұл жағдайды өкілетті органдар тексеруде", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу