Алматы облысы жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

788

Алматы облысы әкімінің өкімімен Абдрахманов Аманжол Кеңесбайұлы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды. 

Алматы облысы жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды Фото: gov.kz

Аманжол Кеңесбайұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары, 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғарғы мектебін "құқықтану" мамандығы бойынша, 2011 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "құрылыс" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы Ішкі істер басқармасының қызметкері болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығының құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің тіркеушісі, маманы, жетекші маманы, Астана қаласы Есіл ауданы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" директорының орынбасары, директоры, Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры, Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы директорының орынбасары, директоры, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының "Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру" департаменті директорының орынбасары, Алматы қаласы әділет департаменті қаржы және материалдық-техникалық бөлімінің бас маманы, департамент басшысының орынбасары, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарының әділет департаментінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

2022 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу