Алматы облысына 127 млрд теңге инвестиция тартылды

823

Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 811 млрд теңге жетеді деп болжануда. 

Алматы облысына 127 млрд теңге инвестиция тартылды Фото: inbusiness.kz

Алматы облысында 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі инвестиция көлемін 30%-ға дейін ұлғайту көзделген, деп хабарлайды хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл міндетті орындау үшін 45 мың жұмыс орнын құратын, жалпы сомасы 5,4 трлн теңге болатын 562 жобаны жүзеге асыру керек. Қазіргі кезде оның 327-сі қолға алынды. Өңір басшысы Амандық Баталовтың айтуынша олар тұрақты инвестиция легін қамтамасыз етеді.

"Мұнда 9 трансұлттық компания өзінің елеулі үлесін қосып отыр. Өткен жылдардан бері жұмыс істеп тұрған "Маревен Фуд", "Лукойл", "Willo" кәсіпорындары мен биыл іске қосылған "Алацем" цемент зауыты мен "Фид Миллс" құрама жем зауыты өндірістерінің жалпы көлемі 165 млрд теңгені құрайды. Алдағы уақытта трансұлттық компаниялар тағы 5 жобаны іске қоспақ. Нәтижесінде олардың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесі 25% болады", – деді аймақ басшысы. 

Облыс әкімінің айтуынша, бүгінгі күні азық-түлік, сусын, электр құралдары, дайын металл бұйымдары, фармацевтика мен құрылыс индустриясы өндірісінде тұрақты өсім байқалады. Ал жыл соңына қарай өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 1,2 трлн теңгеге жетіп, шикізаттық емес экспорт 6%-ға өсіп, 400 млн долларға жетеді деп жоспарланған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу