Алматы облысына инвестиция құйғысы келетіндер көбейді

372

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Atameken Business телеарнасының "Exclusive" бағдарламасына сұхбат берді.

Алматы облысына инвестиция құйғысы келетіндер көбейді Фото: видео скриншот

Алматы облысының әкімі биыл өңірге шетелдік инвесторлардан тікелей инвестиция үш есе артқанын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әрине, инвестор тартқан соң оларға тікелей жағдай жасау керек. Ол үшін жол, энергия қуаттылығы, су мәселесін шешу керек. Бүгінде төрт индустриялы аймақты дамытып жатырмыз. Оның екеуінің инфрақұрылымы аяқталды, соған инвестор тарттық. Қалғандарымен келіссөз жүргізіп жатырмыз.

Айта кеткен жөн, биыл өңірімізде республикадағы ең үлкен индустриялы аймақ құрдық, сол нысанға инвесторлар көптеп қызығуда", - деді М.Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ өңір әкімі қазіргі таңда 300-ден астам инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Былтыр 11 желтоқсанда "Туған жерге тағзым" атты инвестфорум өткізгенбіз. Биыл атаулы шараны "Алатауинвест" тақырыбымен өткізбекпіз. Іс-шараға кәсіпкерлерді көптеп шақыру ниетіміз бар", - деді өңір әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу