Алматы облысынан елордаға 470 тонна өнім жөнелтіледі

1211

Елодадағы кезекті жәрмеңкенің көркін бұл жолы Жетісу шаруалары қыздырмақ.

Алматы облысынан елордаға 470 тонна өнім жөнелтіледі

15-16 қыркүйек күндері Астана қаласындағы "Қазақстан" спорт кешені аумағында Алматы облысы тауар өндірушілерінің азық-түлік жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды abctv.kz.

Өткен жылы жетісулықтар бас шаһар тұрғындарына сүт, ет, шұжық, балық, қант, күріш, табиғи май, бал, көкөніс сынды 46 өнім түрінен 360 тонна ұсынып, 180 млн теңгеге жуық қаржы тауып еді.

Биылғы табыс одан көп болатыны анық. Өйткені аймақтың елордадағы төртінші жәрмеңкесіне облыстағы он жеті аудан, Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалалары мен "Жетісу"  ӘӨК шаруалары тұтас атсалысады. Былтырғы жәрмеңкеге облыстағы 8 аудан, 3 қаланың шаруалыры өз өнімін ұсынған еді. 

"Биылғы жәрмеңкеге  470 тонна өнім жөнелтіледі. Алдын ала болжам бойынша 200 млн теңгеден астам кіріс кіреді деп күтілуде. Оның үстіне тауарлар астаналық базар нарқынан 10-15 пайызға арзан саудаланатындықтан қалалықтардың да қалтасын қақпайды" – дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы Талғат Алыбаев

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының мәліметінше, биыл Астанаға жөнелтілетін  өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 110 тоннаға артық, түрі де көбейген.

"Биылғы өнімнің түрі 48-ге көбейді. Оның ішінде көкөніс 160,1 тонна, ет өнімдері 21,8 тонна, сүт өнімдері 13,7 тонна, жеміс-жидек 35,9 тонна, картошка 41,9 тонна, балық өнімдері 11,7 тонна, бал 0,5 тонна, өзге өнімдер 175,2 тоннаны құрап отыр", – дейді Талғат Әлібаев.

"Жәрмеңкеге керекті шатырлар, сауда сөрелері, сатушылардың арнайы киімі, бейджі бір тұтас өлшем бойынша жасалды. Әр өнімнің бағасы түрлі-түсті цифрмен жазылса, үстел жапқыштар біркелкі матадан тігілді. Сондай-ақ, өңделген өнімдердің ветеринариялық анықтамасы мен сертификаттары, санитарлық кітапшалары толық әзірленді", – дейді облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу