Алматы облысында 10 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылында жеке тұрғын үй аумағында 10 тонна жиналған шөптің жанған.
Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - деп атап өтті министрліктен.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу