Алматы облысында 10 жасар бала суицид жасауға оқталған

1082

Облыстық прокуратура түсінік берді.

Алматы облысында 10 жасар бала суицид жасауға оқталған Фото: instagram.com/kris_p_talgar

Облыстық білім басқармасының атына заң бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныс енгізілген.

Алматы облысының прокуратурасы өзіне қол жұмсамақ болған 4-сынып оқушысының ісіне қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Алматы облысына қарасты Талғар ауданының прокуратурасы 11 қыркүйек күні облыстық білім басқармасының атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді. Аудандық білім бөліміне, мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшісі мен психологқа қатысты тиісті шаралар қабылдау, сондай-ақ материалды аудандық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға шығару мәселе қойылды", - делінген құзырлы орган таратқан хабарламада.

Бұдан бөлек прокурорлардың уәкілетті органдармен бірлесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мектептің акт залында дәрістер өткізетіні де айтылды.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, барлық білім беру мекемесінде құзырлы органның QR-коды бар. Оның көмегімен азаматтар түрлі құқық бұзушылықтар туралы хабарлай алады.

Бұл жайтқа қатысты Оқу-ағарту министрлігі де пікір білдірді. 

"Осыған дейін БАҚ-та Алматы облысында 4-сынып оқушысы құрдастарының буллинг фактілерінен кейін қол жұмсамақшы болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұл жағдайға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің, Алматы облысы білім басқармасының басшылығының өкілдері бала оқитын мектепке жедел тәртіппен барды", - делінген хабарламада. 

Ведомство бұл оқиға Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу