Алматы облысында 10 жасар қыз зорлық-зомбылыққа ұшырады

419

60 жастағы күдікті ұсталды.

Алматы облысында 10 жасар қыз зорлық-зомбылыққа ұшырады Фото: freepik

Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында 10 жастағы қыз баланы зорлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы облысының полиция департаменті хабарлағандай, 17 қазан күні Жамбыл аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"17 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу амалдары барысында қылмыс жасады күдікпен 1963 жылы туған Қ есімді азамат анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта бұлтартпау шарасына санкция беру үшін іс материалдары сотқа жіберілді. Істің тергеу барысын Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы бақылауға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу