103 жастағы кейуана референдумда дауыс берді

174

Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылындағы №573 сайлау учаскесіне бір әулеттің бес буынының өкілдері келіп дауыс берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

103 жастағы кейуана референдумда дауыс берді Фото: Кеген ауданы әкімдігі

103 жастағы – Күлпара Шортанова, оның 85 жастағы ұлы – Марат, 50-дегі немересі – Олжас, 25 жастағы шөбересі Бейбіт және шөбересі Марал өз таңдауларын жасады.

Бүгінгі күн отбасы мүшелері үшін үлкен мәнге ие. Себебі айтулы күн ұрпақтар сабақтастығы мен ажырамас байланысын, ел ертеңіне әрбір адамның үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетті. Айта кетерлігі, 18 жастағы Марал бүгін алғаш рет дауыс берді.

Шортановтар отбасы ауылдың көркеюіне қосқан үлесімен танымал. Балалары мен немерелері түрлі салада – ұстаздықтан бастап, мемлекеттік қызметке дейін еңбек етеді. Ұлы Марат ауылдық округ әкімі, немересі Олжас та жергілікті мемлекеттік органдарда қызмет атқарса, шөбересі Бейбіт алғашқы әскери дайындықтан сабақ береді.

Олардың дауыс беруге қатысуы ұрпақтар арасындағы байланыстың, елді көркейту жолындағы бірліктің символына айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу