Алматы облысында 11 баладан COVID-19 анықталған

511

Оның 9-ы қашықтықтан білім алады. 

Алматы облысында 11 баладан COVID-19 анықталған

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пандемия жағдайындағы мектептердің жұмысына тоқталды. Өңірде 460 білім ордасы бар, онда 429 мың оқушы оқиды. Эпидахуалға байланысты 129 мектепте кезекші сыныптар ашылған. Алайда осы сыныптарда 2 баладан індет анықталған. 

"Ата-аналардың сұрауы бойынша 5 мыңнан аса 1-сынып оқушысы кезекші сыныптарда білім алуда. Өкінішке қарай, өңірде 11 баладан індет анықталды. Оның 9-ы – қашықтықтан оқитын оқушылар. Барлық емдеу шаралары қолға алынды", – деді облыс әкімі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу