Алматы облысында 11 үйдің ауласын су басып қалды

686

Қатты жауын салдарынан Алматы облысының Кеген ауданындағы Түменбай ауылында бірнеше үйдің ауласын су басты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы облысында 11 үйдің ауласын су басып қалды

"23 маусым күні сағат 17-40-да шамасында Кеген ауданы, Түменбай ауылында нөсер жаңбыр салдарынан ауыл іші көшелерін таудан аққан су басты. Тау суы 1 тұрғын үй кірген және 11 үйдің ауласын басқан. Оқиға орнына Аудан әкімі, Кеген ауылдық округінің әкімі, төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің қызметкерлері барды. Төтенше жағдайды бірнеше техника жұмылдырылды. Адамдар зардап шекпеген", – делінген Кеген ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, тұрғын үйлер мен аулаларға комиссия ұйымдастырылып, шығындар есептелуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу