Алматы облысында 117 кәсіпкер алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан

2495

9 мыңнан астам бөтелке түрлі алкогольдік өнімдер тәркіленіп, жойылды.

Алматы облысында 117 кәсіпкер алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан Фото: Pixabay.com

Алматы облысында алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан кәсіпкерлер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында рұқсат қағазынсыз алкогольдік өнімдерді сатып, салық төлеуден жалтарған 117 жосықсыз кәсіпкер анықталды.

Қадағалау органының бастамасы бойынша құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 463-бабы (кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

9 мыңнан астам бөтелке түрлі алкогольдік өнімдер тәркіленіп, жойылды.

"Қазақстан аумағында этил спирті мен алкоголь өнімдерін сәйкестік сертификаттарынсыз (және белгілерінсіз) сатуға тыйым салынады және Қазақстан Республикасының "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 9-бабына сәйкес техникалық регламенттердің тиісті талаптарына сәйкес", - делінген прокуратура хабарламасында.

 Алкогольді сатуға лицензияны электронды форматта "eGov" порталы арқылы алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу