Алматы облысында 12 тонна контрабандалық жүк жойылды

601

Жойылған тауарлардың басым бөлігі – темекі бұйымдары мен бұрын қолданыста болған автокөлік шиналары.

Алматы облысында 12 тонна контрабандалық жүк жойылды

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті шілде айында Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салынған 12 тонна контрабандалық тауарды жою туралы шешім шығарды.

Бұл тауарлар департамент жүргізген іс-шаралар нәтижесінде анықталған.

 "Хаттамадан кейін 12 тонна көлемінде барлық жүк "Қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстандық оператор" ЖШС аумағында жойылды",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу