Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Ынтымақ ауылында 12 жастағы қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Күдікті – кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түріндегі шара қолданылды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, күдіктінің заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.