Алматы облысында 139 мың тонна жеміс жинау жоспарланып отыр

836

Оның ішінде 91,8 мың тонна алма бар. 

Алматы облысында 139 мың тонна жеміс жинау жоспарланып отыр

Биыл Алматы облысында 139 мың тонна жеміс жинау жоспарланып отыр. Оның ішінде 92 мың тоннаға жуық алма бар, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, өткен жылы бақтардың жалпы аумағы (жеміс-жидек, жүзім және жаңғақ дақылдары) 23,5 мың гектарды алып жатыр. Оның ішінде алма бақтары – 14,1 мың гектар, ал оның 2 мың гектары қарқынды бақтар. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің жалпы өндіріс көлемі 129,6 мың тоннаны құрады. Оның ішінде алма – 86,8 мың тонна.

Биыл ескі жеміс бақтарын жаңартудың арқасында тағы 1244,1 гектар жерге жаңа бақ салынды. Оның ішінде жеміс бақтары – 1082 гектар (574,8 гектар помар жемісі, 375 гектар интенсивті және 507,2 гектар тас жемістер), жидек дақылдары – 161 гектар, жаңғақ дақылдары – 1,0 гектар және жүзім – 0,8 гектар. Барлығы 139 мың тонна жеміс жинау жоспарланып отыр. Оның ішінде 91,8 мың тонна алма бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу