Алматы облысында 1 462 жер учаскесі пайдаланылмай жатыр

222

Алматы облысында былтыр пайдаланылмай келген 422,0 мың гектар жер анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында 1 462 жер учаскесі пайдаланылмай жатыр Фото: baq.kz

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің тапсырмасы бойынша 2024 жылдың соңына дейін жалпы алаңы 70 мың гектар пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару көзделген.

– Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жоспар 128,0 пайызға орындалды. Оның ішінде 74,8 мың гектар жерді меншік иелері өз еркімен бергені олардың заң талаптарын сақтауға жауапкершілігінің артқанын көрсетеді. 14,9 мың гектар жер сот арқылы тәркіленді, – деп хабарлады әкімдіктен.

Алматы облысының Жер қатынастары басқармасының басшысы Аманжол Әбдірахманов бұл жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

– Әрбір сотық жерді тиімді пайдалану – облыстың, жалпы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қосқан үлесі. Әр гектар қоғамымызға пайдасын тигізу үшін пайдаланылмай жатқан учаскелерді қайтару жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырамыз, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу