Алматы облысында 15 адам өкпенің жасанды желдету аппаратына қосылған

603

41 адамның жағдайы ауыр. 

Алматы облысында 15 адам өкпенің жасанды желдету аппаратына қосылған

Бұл туралы Жетісу тереарнасында өткен брифингте Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов мәлім етті. 

"Алматы облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан 2749 адамнан тіркелді. Олардың 1290-ы жазылды. Соңғы тәулікте 8 адам инфекция жұқтырып, стационарға жатқызылды. Облыста жалпы саны 5581 адам дәрігерлер бақылауында. Оның ішінде 2583 адам стационарлық ем қабылдауда. Симптомсыз 895 адам үйде емделуде. Ал 2103 адам үй карантинінде. 41 науқастың жағдайы өте ауыр және ауыр деп бағалануда. Оның ішінде 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", – деді облыс әкімінің орынбасары. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу