Басқарма өкілдері бұл хабарламалар Бас прокуратураның талабы негізінде облыстық прокуратураның ұсынылуына байланысты жіберілгенін айтады. Өйткені аудитордың тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰКП сайтына сілтеме жасап.
Фермерлердің пікірінше, аудитор тексеруі нақты салынған инвестицияларды растайтын құжаттарды есепке алмай шартты түрде өткен. Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Баниямин Файзулин, Облыс прокурорының аға көмекшісі Тайыржан Важитов, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бахтияр Шампиковтың қатысуымен өткен кәсіпкерлер палатасындағы жұмыс кездесуі барысында мәлімдеді.
"Мемлекеттік аудиттің қорытындысына сәйкес, субсидияларды заңсыз берудің негізгі дәлелі жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттаманың жоқтығы. Алайда инвесторлар субсидия алуға өтінім берген кезде субсидиялау қағидаларында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынды", – деп атап өтті "Алель Агро" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Ерік Сұлтанқұлов.
Ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары Бақтияр Шампиков мемлекеттік органның прокуратура органдары талаптарына сәйкес әрекет еткенін түсіндірді.
"Облыстық прокуратураның ұсынысын орындау аясында басқарма қаражатты қайтару бойынша хабарлама жіберді. Кейбір субъектілерден біз хаттар алдық. Өтінімдерді қарау кезінде біз қажетті құжаттардың бар-жоғына қараймыз. Субсидиялар жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген сома бойынша емес, инвестордың нақты көрген шығындары бойынша төленді", – деп хабарлады Бахтияр Шампиков.
Облыстық Кәсіпкерлер палатасы өндірушілердің құқығын қорғауға ниетті.
"Егер кәсіпкер құжаттарды тапсырып, оны қабылдаса, демек бұл құжаттар қойылған талаптарға сәйкес келеді. Өтініш берушілердің құжаттары пысықтауға кері қайтарылған жоқ. Енді кәсіпкер ақшаны алып, мақсатты тағайындау рәсіміне сәйкес оны пайдаланады. Ал қазір мемлекеттік орган бұл қаражатты қайтару туралы хабарлама жіберді. Бірақ бизнес субсидияларды заңды түрде алды, олар мақсатты пайдаланылды. Кәсіпкерлер бұл қаражатты қайтара алмайды. Біз Кәсіпкерлер палатасы ретінде бизнес құқығын қорғаймыз және барлық инстанцияларда олардың мүддесіне өкілдік етеміз. Осы мәселені шешу мақсатында біз бірыңғай ұстанымды қалыптастыру үшін жұмыс тобын құрамыз", – деп атап өтті Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева.
Сондай-ақ кәсіпкерлер салынған объектілердің бар болуы, инвесторлардың өз еркінше көрсеткіштерге қол жеткізуі, өтінім берген кезде инвестор шеккен мәлімделген шығыстардың іс жүзінде салынған инвестицияларға сәйкестігі тұрғысынан жеке сараптама жүргізуді ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша "Атамекен" ҰКП, прокуратура, ауыл шаруашылығы басқармасы және ауыл шаруашылығы өндірушілері өкілдерінің қатысуымен әрбір компания бойынша жағдайды егжей-тегжей зерделеу және бірыңғай ұстаным әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Прокурордың аға көмекшісі Тайыржан Важитов қазіргі уақытта кәсіпкерлерге қатысты санкциялар қабылданбайтынын айтты.
"Біз ауыл шаруашылығы басқармасымен прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдері бойынша мәселелерді жұмыс тәртібімен пысықтаймыз. Жұмыс тобы ортақ пікірге келгенге дейін ешқандай шаралар қабылданбайтынын жауапкершілікпен хабарлаймын", – деді прокуратура өкілі.
Жұмыс тобының алғашқы отырысы осы аптада облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында өтеді.