Алматы облысында 17 лауазымды тұлға жазаланды

204

Өңір басқармаларының бірінің басшысына қатысты қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Алматы облысында 17 лауазымды тұлға жазаланды Фото: Pixabay.com

Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының 17 лауазымды тұлғасы мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоғары аудиторлық палата биыл мамырда өңірдегі тексеру іс-шараларын аяқтады. Аудит барысында ҚР-ның бюджет және өзге де заңнамалары бойынша бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде облыстың атқарушы органдарының 17 лауазымды тұлғасы заңбұзушылықтарға жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Өңір басқармаларының бірінің басшысына қатысты қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар облыс әкімі мемлекеттік аудит кезінде анықталған заңбұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу