Алматы облысында 1970 жылы салынған мектеп шатыры жанып кетті

1545

Өрт алаңы 1,2 мың шаршы метрді құраған. 

Алматы облысында 1970 жылы салынған мектеп шатыры жанып кетті

Алматы облысының Панфилов ауданында мектептің шатыры жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2 шілде сағат 04:15-те Алматы облысы ТЖД-ға Панфилов ауданы Лесновка ауылындағы Д. Рақышева атындағы мектеп шатырының жанып жатқаны туралы хабар түсті. Шұғыл түрде оқиға орнына Жаркент қаласынан 2 өрт сөндіру құрамы жіберілді, қашықтық - 25 шақырым. Бірінші бөлімше келгеннен кейін 04:40-та мектеп шатырының 80% отқа оранғаны анықталды. Өрт орнына қосымша Ұйғыр ауданының Шонжы ауылынан өрт сөндіру қызметі, Панфилов ауданының орман шаруашылығы, жедел құтқару жасағы және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жіберілді. Ғимарат 2 қабатты, 1970 жылы салынған. 2017 жылы күрделі жөндеу жүргізілген, ғимараттың жалпы алаңы – 1442 шаршы метр. Өрт 07:40-та ауыздықталды және 09 сағат 50 минутта толықтай сөндірілді",­– деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, өрт алаңы 1200 шаршы метрді құраған. Қызыл жалынның себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Алматы облысының ТЖД 31 адам 6 техника, жергілікті атқарушы органдардан 7 адам және 4 техника (су тасығыш), Жаркент орман шаруашылығынан 7 адам, 1 техника, сондай-ақ полиция бөлімінен 5 адам және 1 техника жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу