Алматы облысында 2 балдық жерасты дүмпуі сезілді

670

Жер сілкінісі Алматы уақытымен 13 сағат 32 минутта тіркелді.  

Алматы облысында 2 балдық жерасты дүмпуі сезілді

25 шілде күні Алматы облысында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалар желісі.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 122 шақырым жерде, Алматы облысының Кеген ауданы аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 9,1. MPV тербелісі – 3,2. Тереңдігі – 5 шақырым.

МSК-64 шкаласы бойынша сезілу туралы ақпарат: Кеген ауданы, Саты ауылында 2 балдық жерасты дүмпуі сезілген.

Алматы облыстық ТЖ департаменті жергілікті атқарушы органдарға, полиция департаментіне, прокуратура, "Қазауылқорғау" мен басқа да ұйымдарға аталған аймақтағы жағдайды нақтылау үшін хабар берді.

Қираған ғимарат пен қаза тапқандар туралы мәлімет келіп түскен жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу