Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан Жаңалық ауылында екі дүкеннен өрт шықты. Оқиға өткен түні болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде екі бір қабатты ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып жатқан. Өрттің жалпы ауданы 256 шаршы метрді құрады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті жедел сөндіріп, көлемі 25 литр болатын газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Сондай-ақ материалдық құндылықтарды сақтап қалды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу