Алматы облысында 2 қант зауыты қалпына келтіріледі

1526

Аймақта жаңа ірі құс фабрикалары іске қосылмақ. 

Алматы облысында 2 қант зауыты қалпына келтіріледі

Алматы облысының Алакөл және Қарабұлақ қант зауыттары қайта қалпына келтірілуі мүмкін, деп хабарлайды хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың есеп беру кездесуінде айтты. 

"Облыста қант өндіретін 2 зауыт жұмыс істеп тұр, енді Алакөл және Қарабұлақ қант зауыттарын қалпына келтіру жоспарлануда. Осылайша біз алқап аумағын 35 мың гектарға ұлғайту арқылы қант қызылшасы көлемін 2 млн тоннаға дейін жеткізу міндетін қойып отырмыз", – деді өңір басшысы. 

Сонымен қатар ол өңірдегі ет өңдейтін зауыттардың жұмысына тоқталды.
Өңірде 1,3 млн бас ірі қара, 4,5 млн бас қой-ешкі және 1 млн гектарға жуық егіс алқабы бар. Сондай-ақ, аймақта ет өңдейтін "Жетісу Қой" жобасының жүзеге асырыла бастады. Бүгінгі күні барлық ұйымдастыру мәселелері шешілді, инженерлік инфрақұрылым құрылысына қаржы бөлінді, инвестордың зауытты жобалауды бастады. 500 мың бас ірі қара етін өңдейтін "Тайсон Фудс" жобасы туралы да осыны айтуға болады. Зауыт салуға жер учаскесі бөлінген. 

Облыста өткен жылы 160 млн дана жұмыртқа шығаратын және 29 мың тонна ет өндіретін екі ірі құс фабрикасы іске қосылды. Тағы екеуі салынады. Олар – қуаты 37 мың тонна ет өндіретін "Прима құс" және жылына 160 млн дана жұмыртқа және 120 мың тонна бройлер етін өндіретін "Aitas KZ", – деді өңір басшысы.

Амандық Баталовтың айтуынша жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 1 трлн теңгеден асқан. АӨК өнім экспорты 220 млн долларға жеткен. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 18%-ға жоғары. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу