Алматы облысында 2 млн теңгенің вейптері тәркіленді

171

WhatsApp мессенджері арқылы вейптарды заңсыз сатқандарды облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады.

Алматы облысында 2 млн теңгенің вейптері тәркіленді

Алматы облысының полицейлері құны 2 млн теңгелік вейпті тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Стоп-алаяқ" ЖПІШ өткізу барысында Киберпол бөлімшесінің қызметкерлері WhatsApp мессенджеріндегі арнаны анықтады. Арна арқылы электрондық темекі сатылып отырған.

"Тәртіп сақшылары екі миллион теңгеге электронды темекі тәркіледі. Электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады", – деді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов.

Заңды бұзған адамға екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол көлемдегі түзеу жұмыстары не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу мөлшерінде ірі ақшалай айыппұл салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу