Алматы облысында 20 бас жылқыны ұрлағандар ұсталды

1295

Келтірліген шығынның жалпы сомасы 15,1 млн теңгені құрайды.

Алматы облысында 20 бас жылқыны ұрлағандар ұсталды Фото: yandex.kz

Polisia.kz мәліметінше, 17 сәуірде Кеген ауданының полиция бөліміне Сарыкөл ауылының 59 жастағы тұрғыны Қарқара кентінің маңындағы жайылымнан құны 15,1 млн теңге болатын 20 бас жылқысының ұрланғаны жайында арызданған.

Дерек ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 4-бөлігі 2-тармағының (Мал ұрлау) белгілері бойынша аудандық полицияның СДТБТ-да тіркелді. 

Аталған дерек бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері Кеген ауданы КПБ қызметкерлерімен бірлесіп, 18 мамыр күні 28, 27 және 26 жастағы үш күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Ұрланған мал Түркістан облысының Қарабұлақ ауылынан табылып, тәркіленді. 

Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу