Алматы облысында 20-ға жуық баланы заңсыз тәрбиелеген медресе анықталды

226

Тексеру барысында діни әдебиеттің 179 данасы табылды. 

Алматы облысында 20-ға жуық баланы заңсыз тәрбиелеген медресе анықталды Фото: time.kz

Қарасай ауданының прокуратурасы "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасы аясында құқық қорғау органдармен бірлесіп 19 бала заңсыз тәрбиеленген жасырын діни медресені анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Жеке үйдің аумағында Тәжікстанның тумасы балаларға араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолдана отырып сабақ берді. Тексеру барысында діни әдебиеттің 179 данасы, сондай-ақ "Iphone" маркалы ұялы телефон және "HP" маркалы ноутбук тәркіленді. Аталған іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық бала ата-аналарына қайтарылды, - деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу