Алматы облысында 200 білім беру гранты бөлінді

2005

Гранттың иегері атану үшін сертификатпен қоса талапкерлердің көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасынан шыққанын растайтын анықтама талап етіледі.

Алматы облысында 200 білім беру гранты бөлінді

Алматы облысындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына 100 білім беру гранты бөлінді, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы, еңбек нарығының қажеттілігіне байланысты биыл 200 грант қарастырылған. Қазір бұл бағытта комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Іріктеу шілде, тамыз айларында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің базасында өтеді.

100 гранттың иегері атану үшін сертификатпен қоса талапкерлердің көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасынан шыққанын растайтын анықтама талап етіледі.

"Облысымызға грант қажетті мамандықтарға беріледі. Ол бойынша біз осы уақытқа дейін барлық жоғары оқу орындарымен келісімшартқа отырғанбыз. Тиісті салаға сәйкес қажеттіліктер бүгінгі күнге шейін анықталды. Соған сәйкес, гранттар да жоғары оқу орындарына берілетін болады",­ – дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Омарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу