Алматы облысында 2016 жылы 43 туризм нысаны іске қосылды

881

Алматы облысында 2016 жылы 43 туризм нысаны іске қосылды

Алматы облысында 2016 жылы 43 туризм нысаны іске қосылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысының туризмін дамытуда инвесторлардың қызығушылық танытып отырған нысандарының бірі – Алакөл жағалауы. Мәселен өткен жылы облыста жеке инвестордың қаржысына құны 3,6 млрд теңгенің 43 туризм нысаны іске қосылса, оның ішінде 30 нысан Алакөл жағалауында пайдалануға берілген.

1297 орынды 1 қонақ үй, 4 демалыс базасы, 7 демалыс үйі, 18 мейманхана Алакөл маңында бой көтерді. Бұл туралы Алакөл ауданында өткен туристік әлеуетті дамыту туралы көшпелі брифинг барысында облыстық туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арқау Шынтаев айтты.

"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы арқылы Ақши ауылына 93,8 шақырым жаңа электр желісі тартылды. Оған бюджеттен 610,9 млн теңге бөлінген. Жол жөнделіп, теміржол тасымалы бюджеттен субсидияланады.

2015 жылдан бастап қолға алынған Үшарал әуежайының құрылыс-монтаж жұмысы аяқталуға жақын. Оның жүзеге асырылуына бюджеттен 896,9 млн теңге бөлінген. Бүгінгі күнге дейін әуежайда ұшып-қону жолағы жаңғыртылып, әуе қозғалысын ұйымдастыруға қажетті радиотехника мен метеорологиялық құралдар жаңартылды. Жаңа әуежай Алматы облысының туристік логистикасын жақсартып, демалушылар санының артуына ықпал етпек.

Жалпы 2016 жылдың қорытындысы бойынша көл жағалауында демалушылардың саны жарты миллионға жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу