Алматы облысында 2026 жылға дейін 10 ірі жылыжай іске қосылмақ

850

Олардың жалпы өндірістік қуаты 25 мың тоннаны құрайды.

Алматы облысында 2026 жылға дейін 10 ірі жылыжай іске қосылмақ

Алматы облысында 2026 жылға дейін 45 гектар жерге 10 ірі жылыжай шаруашылығын іске қосу жоспарлануда, олардың жалпы өндірістік қуаты 25 мың тоннаны құрайды. Бұл туралы елордада өткен брифингте Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев айтты, деп жазды inbusiness.kz.

"Бұл көкөністердің жалпы өндірісін 2 есеге арттыруға, 500-ден астам жұмыс орнын құруға, көкөністерді жыл бойы өндірісіне көшуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді спикер. 

Аймақ басшысының сөзінше жылыжайлардағы өнімділік көкөністерді ашық жерде өсірумен салыстырғанда 7 есе жоғары, сонымен қатар маусым аралығында халықты көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және бағаның тұрақтануына әсер етеді.

"Бүгінгі күні облыста 105,5 мың га жерде 102 жылыжай бар, оларда 36 мың тонна ерте пісетін көкөністер өсіріледі. Облыстағы тағы бір басымдық құс етін өндіруге беріледі, ол республика нарығы көлемінің 32%-ын, яғни 108,3 мың тоннаны құрап отыр. Қазір құс еті бойынша облыс және Алматы қаласы тұрғындарының қажеттіліктері толығымен жабылады. Импортты толық алмастыру үшін өнім шығаруды 2 есеге арттыру міндеті қойылып отыр. Осы мақсатта жалпы қуаты жылына 76 мың тонна, инвестиция көлемі 85 млрд теңге болатын, екі құс фабрикасын – құрылысы және бір құс фабрикасын жоспарлануда. Соның нәтижесінде 1 100-ден астам жұмыс орны құрылады", – деді аймақ басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу