Алматы облысында 21 инвестициялық жоба қолға алынды

789

Алматы облысында 21 инвестициялық жоба қолға алынды

Алматы облысында жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алып қоюды қажет ететін 21 инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі республикалық бағдарламалар аясында 11 жоба жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы", "Алматы-Қапшағай", "Бірлік-Ақбұлақ" автомобиль жолы құрылысы және "Батыс Еуропа-Батыс Қытай", "Алматы-Өскемен", "Ұзынағаш-Отар", "Астана-Алматы", "Алматы 1-Шу", "Алматы-Бішкек" автомобиль жолының жекелеген учаскелері, сондай-ақ "Қазыбек Бек-Жетіген" темір жолының құрылысы қолға алынды.

Сонымен қатар жоғарыда аталған автомобиль жолдары құрылысының белдеуіне көлемі 6,9 мың га болатын 2939 жер учаскесі енген, оның 3166,2 гектары – 2247 учаскесі немесе 76 пайызы сатып алынады.

Қазір жоғарыда аталған әкімдіктер 1472 жер учаскесін алды. Аудан, қала әкімдіктері түсіндіру жұмысын жүргізіп, меншік иелері мен жер пайдаланушылар 240 учаскені мемлекетке өтеусіз қайтарды, 172 жер учаскесінің меншік иелеріне тең бағалы жерлер табысталды.

"Инвестиция тарту, тұрақты жұмыс орындарын ашу, жаңа кәсіпорындар құру – мемлекет басшысы алдымызға қойған маңызды міндеттер. "Береке" индустриялық аймағын дамыту үшін жер учаскесін сатып алу ісі баяу жүруінің салдарынан бұл жұмыс тоқтап тұр. Ал жоспар бойынша қазіргі кезде жобалау жұмысы жүріп жатуы тиіс еді. Бұл мәселені жылдамдатып, қатаң бақылауда ұстаңдар", – дейді облыс әкімі Амандық Баталов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу